Жекпе-жек 11 Шілде, 2019 (0) (62)

Ақтөбеде ММА-дан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті

16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы аралас жекпе-жек турниріне ММА (Mixed Martial Arts) еліміздің барлық өңірлерінен 85 жас спортшы қатысып, спортшылар ерлер арасында 9 салмақ дәрежесінде, қыздар арасында 7 салмақ дәрежесінде сынға түсті.


Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар: Динара Аяпова (52,2 кг, Ақтөбе облысы), Нұрбол Базарбаев (52,2 кг, Маңғыстау облысы), Адель Махаметова (56,7 кг, ШҚО), Ерасыл Телеубаев (56,7 кг, ШҚО), Сисенова Карина (61,2 кг, Ақмола облысы), Данияр Құлбай (61.2 кг, Нұр-сұлтан), Меруерт Серікқалиева (65,8 кг, Атырау облысы), Данияр Әжімқұлов (65,8 кг, Атырау облысы), Темірлан Халидолла (70,3 кг, ШҚО), Әмірхан Ментаев (77,1 кг, Нұр-сұлтан), Данил Губин (83,9 кг, Ақтөбе облысы), Иса Каримов (93 кг, Ақтөбе облысы), Диас Тілеміс (120,2 кг, Ақтөбе облысы).

- Жасөспірімдер чемпионатының басты мақсаты, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына жас спортшыларды қабылдау үшін осы чепмпионат жеімпаздары ішінен мықты спортшыларды анықтау болды, - дейді қазақстандық аралас жекпе-жек федерациясының бас директоры ММА Валихан Тен. -Дәл осы жігіттер бір жылдан кейін біздің елімізді түрлі халықаралық жарыстарда таныстыратын болады. Келесі жылы Италияда өтетін ММА-дан Әлем чемпионатында дәл осы спортшылардың арасынан Әлем чемпионы шықпайтынына кім кепіл,- деп сөзін аяқтады.

Осы чемпионат аясында 14 жасқа дейінгі балалардың ММА аралас жекпе-жекке қатысу ережелеріне бірыңғай өзгерістер енгендігі туралы конференция өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан Біріккен ММА федерациясы мен Nomad MMA Республикалық Федерациясының өкілдері, біріккен Федерацияның Бас директоры Валихан Тен, Біріккен ММА федерациясының вице – президенті, Nomad MMA Республикалық Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев, сондай – ақ, Біріккен ММА федерациясының вице-президенті, NOMAD MMA стилінің негізін қалаушы Сергей Ан қатысты. 
Баспасөз конференциясының қатысушылары жаттығу процестері мен 14 жасқа дейінгі балалардың аралас жекпе-жектен жарыстарға қатысуы енді Nomad MMA ережелеріне сәйкес жүргізілетінін хабарлады. Валихан Теннің айтуынша бұл ереже жас балалар мен жасөспірімдердің жарақаттануын барынша азайтуға қамқорлық жасайды. Ережеге сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер NOMAD MMAға сәйкес күнтізбелік жоспар мен ережелер бойынша ғана аралас жекпе-жектерде жаттығып, өнер көрсете алады, тордағы ұрысқа рұқсат үзілді-кесілді тыйым салынады. 14 жасқа толған және одан үлкен жастағы спортшылар жаттықтырушыларының қалауы бойынша ММА ережелері бойынша да, Nomad MMA ережелері бойынша да жарыстарға қатысып, жаттығуларына болады.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстанда жаңа структура «Аралас жекпе-жек ММА-ден біріккен Қазақстан федерациясы» РҚБ құрылған болатын. Оның құрамына Қазақстан аралас жекпе-жек ММА Федерациясы, Аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг Ұлттық Федерациясы және NOMAD ММА Федерациясы кіреді. Жаңа ұйымды Ғалымжан Есенов басқарады. Ал, бас директоры  Валихан Тен.

Республикалық бірлестік Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының қамқорлығымен жұмыс істейді. Бұл ассоциация төрт бағытты дамытады: карате, жекпе-жек, толық байланыстағы спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жек.

Жарты жылдың ішінде жаңа басқару жүйесі өз нәтижесін берді: аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының ММА құрамасы Тайландта өткен Азия чемпионатынан жеті алтын, тоғыз күміс, бес қола медаль жеңіп алып абсолютті рекордын орнатты. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған Құрама, азиялық субконтиненттегі мықтылардың қатарына қосылды.












Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру