Футбол 09 Шілде, 2019 (0) (229)

«Астана» ЧФР-ды жеңді

2019-2020 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-ден 1-ші финалында «Астана» өз алаңында румыниялық ЧФР-ды қабылдады.


«Астана» (Қазақстан) – ЧФР (Клуж, Румыния) – 1:0

Гол соққан: Евгений Постников, 68

Ескерту алғандар: Камора, 85

Соққылар: 14 - 15

Дәл соққылар: 5 - 1

Допқа иелік ету: 57% - 43%

«Астана»: Эрич (к), Рукавина, Постников, Шимунович, Бейсебеков, Логвиненко, Томасов (Янга), Маевский, Сигурьонссон, Муртазаев (Мубеле), Ротариу

ЧФР: Арлаускис, Сушич, Винисиус, Бурча, Камора (к), Бордейану, Хобан, Кулио, Дич, Омрани, Паун-Александру

8 шілде. Нұр-Сұлтан, «Астана Арена»

2019-2020 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-ден 1-ші финалында «Астана» өз алаңында румыниялық ЧФР-ды қабылдады. Алғашқы тайм алма-кезек шабуылдармен басталды. Екі команданың да гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды.

Дей тұрғанымен қос қарсыластың да шабуыл шебінде олқылықтардың көп болғаны анық.

Екінші таймның 53-минутында чфрлықтар есеп ашуға тамаша мүмкіндік алған. Қақпаның жанындағы қарбаласта ойын тәртібі бұзылып, «Астана» абырой болғанда голдан аман қалды. Өз алаңында гол жіберу мұндай іріктеуде «өліммен» тең екені баршамызға мәлім. Артынша елордалықтар үсті-үстіне шабуылдай түсті, алайда қақпа кілтін табу оңайға соқпады.  Қайта қонақтардың шабуылшысы қақпашысынан дәл пас алды да, екі қорғаушыны алдай өтіп қақпашымен бетпе-бет кездескісі келген. Абзал Бейсебеков құлай теуіп, допты алаңнан шығарып жіберді. 57-минутта алаң иелерінің бапкері Григорчук шабуылды күшейту үшін Томасовтың орнына Рангело Янганы шығарды. 68-минутта Сигурьонссон бұрыштамадан доп көтеріп, Постников гол соғып кетті. Осы голдан кейін «Астана» одан әрі шабуылдай түсті.  Негізгі уақыт аяқталғаннан соң, төреші алты минут қосқан. Бірақ румыниялықтардың бағына орай, есеп сол күйінше қалды.

«Астана» өз алаңындағы маңызды жеңіске қол жеткізді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру