Күрес 05 Шілде, 2019 (0) (83)

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды

Жарыстың алғашқы күнінде палуандарымыз ел қоржынына бес жүлде салды.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.  

Құрлық бәсекесіне 17 мемлекеттен келген 300-ден астам жас балуандар қатысуда. Жарыс шымылдығын грек-рим күресі шеберлері түрді.  Атап айтқанда 45, 48, 51, 55, 60, 92, 110 келілердегі палуандар құрлықтың үздігін анықтады. Жарыстың  алғашқы күнінде сынға түскен палуандарымыз ел қоржынына бес жүлде салды.   

Ақтөбелік Саматбек Ізімғали (45 кг) мен 110 келіде өнер көрсететін шымкенттік Нұртас Қыдырбай қарсылас шыдатпай тұғырдың биік сатысына көтерілді.  48 келіде Ерасыл Дәулетбек күміс жүлдегер атанды. Ал бұған дейін әлем және Азия бәсекелерінде жүлделі орыннан көрініп жүрген Аягөз өңірінің тумасы Исхар Құрбаев (51 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Ерасыл Кенғанов (55кг) та қола жүлдені місе тұтты. 


Жасөспірмдер арасындағы Азия чемпионаты.

Нұр-Сұлтан.

«Дәулет» спорт кешені.

45 кг

1 орын - Саматбек Ізімғали (Қазақстан)

2 орын - Раззак Бейшекеев (Қырғызстан)

3 орын - Кансель Камиёши (Жапония)

3 орын - Харш Харш (Үндістан)


48 кг

1 орын - Амирреза Мохаммадреза Дехбозорги (Иран)

2 орын - Ерасыл Дәулетбек (Қазақстан)

3 орын - Кувончбек Тошназаров (Өзбекстан)

3 орын - Улукбек Сансызбаев (Қырғызстан)


51 кг

1 орын - Саид Морад Голи Есмаэли Лейвеси (Иран)

2 орын - Аршад Аршад (Үндістан)

3 орын - Коей Ямагиша (Жапония)

3 орын - Исхар Құрбаев (Қазақстан)


55 кг

1 орын - Фируз Мирзораджабов (Тәжікстан)

2 орын - Аброр Атабаев (Өзбекстан)

3 место - Ерасыл Кенғанов (Қазақстан)

3 орын - Правин Пандуранг Патил (Үндістан)


60 кг

1 орын - Амирбек Султонов (Өзбекстан)

2 орын - Саид Даниал Сеид Шамшоллах Сохраби (Иран)

3 орын - Рави Рави (Үндістан)

3 орын - Дидар Оразбердиев (Түркменстан)


92 кг

1 орын - Саид Амиржан Каримизадех (Иран)

2 орын - Нитеш Нитеш (Үндістан)

3 орын - Ао Сун (Қытай)

3 место - Джахонгир Хосимов (Өзбекстан)


110 кг

1 орын - Нұртас Қыдырбай (Қазақстан)

2 орын - Сону Сону (Үндістан)

3 орын - Шахрох Абузар Микаели (Иран)

3 орын - Давран Садыков (Қырғызстан)


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру