Жеңіл атлетика 01 Шілде, 2019 (0) (71)

Ольга Рыпакова: Бірінші жарыста жолдама алғаным қуантады

Жеңіл атлетикадан Алматыда өткен лицензиялық Қазақстан кубогі додасында Ольга Рыпакова Олимпиада нормативін орындап, 2020 жылғы Токио ойындарына жолдама алды.



Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген спортшы жеңістен кейінгі әсерімен бөлісіп, әрі қарайғы жоспарлары туралы да айтты. 

«Маусым енді басталды, сол себепті, әлі турнирлерге қатысып үлгермедім. Қазақстан кубогі менің бұл маусымдағы алғашқы жарысым. Негізі, бұл сынға қатысамын деген жоспарым жоқ еді. Бірақ Лозаннада өтетін «Гауһар лигасы» қарсаңында бабымды байқайын деген оймен кубоктік додада бақ сынадым. Сондай-ақ, психологиялық тұрғыдан да жарысқа дайын болу керек еді. Шынымды айтсам, нәтиже туралы ойлаған жоқпын. Тек жақсы секіру ғана тұрды ойымда.  Күн райы тым ыстық болғанды аздап әсерін тигізді. Десе де, бірінші жарыста-ақ лицензия иеленгенім қуантады. Кубоктік дода лицензиялық турнир болғандықтан, оның нәтижесі есепке алынады. Яғни, осы маусымда Олимпиада лицензиясын иелендім. Енді алаңсыз әлем чемпионатына дайындаламын. Бапкерім де, өзім де ризамын», - дейді Рыпакова.

Қазақстан кубогінде Ольга Рыпакова 14.37 метрге секірді. Ал Токио Олимпиадасына жолдама алу көрсеткіші - 14.20. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру