Футбол 16 Маусым, 2019 (0) (82)

ҚПЛ: Көшбасшылар ұпайдан шашау шығарған жоқ

Өткен апталарда ұлттық құраманың 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуіне қатысуы себепті, Премьер-лигада аздаған үзіліс болған еді. Кеше “Ақтөбе” мен “Тобыл” 14-турдың шымылдығын түрді.

Ақтөбеде өткен ойында қонақтар жеңіске жетті. Жалғыз голдың авторы - Бауыржан Тұрысбек. Ол 78-минутта есеп ашқан болатын.

Қалған ойындар бүгін ойналды. Көкшетауда жергілікті “Оқжетпеспен” күш сынасқан “Қайрат” жеңіске жетті. Бауыржан Исламханның алаңға оралуымен күшейіп алған алматылық команданың алғашқы голын да капитан 9-минутта өзі соқты. 75-минутта Эсеола есепті еселеді. Ойын соңында алаң иелері сапынан Жұмаханов есепті қысқартты. Қорытынды есеп 1:2.



“Тараз” бен “Ертіс” арасындағы матчта есеп ашылған жоқ.

Тағы бір тең есеп “Жетісу” мен “Ордабасы” командалары арасында тіркелді. Қонақтар сапынан Жоау (15 минут) есеп ашып, жеті минут өткен соң Оганесян есепті теңестірді.

“Астана” өз алаңында “Қайсарды” тізе бүктірді. Бірінші таймда Муртазаев (14) пен Перцух (26), екінші таймда Ротариу (46) мен Томасов (50) көзге түсті. “Қайсар” шабуылшысы Барсегян 79-минутта есепті қысқартты. 4:1.

“Шахтер” “Атыраумен” тең түсті. Есеп 1:1 Шкодра соққан голға 60-минутта Бьедов жауап қатты.

“Астана турнир кестесінде 1-орында ( 16-35),  екі ойыны кем “Тобыл” 2-орынын сақтап келеді (14-32). Ал үшінші орынға “Қайрат” көтерілді. Олардың еншісінде 28 ұпай бар.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру