Футбол 07 Маусым, 2019 (0) (53)

Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгияға жетті

Бүгін, түнгі 02.00 шамасында бортында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бар ұшақ Брюссельге қонды. Естеріңізге сала кетейік, 9-маусымда Бельгия мен Қазақстан құрамалары жасыл алаңда кездеседі.


2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы аясында кездесетін қос құрама бүгін ойын алдындағы жаттығуларын және бас бапкерлердің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді. 

Қазақстан мен Бельгия құрамалары бұған дейін 4 кездесу өткізген. Оның екеуі тең аяқталса, тағы екеуінде бельгиялықтар жеңіске жеткен. Гол саны - 3-8, FIFA рейтингінің бірінші сатысындағы команданың пайдасында.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру