Бокс 31 Мамыр, 2019 (0) (183)

Қанат Ислам күтпеген жерден Головкиннің салмағына ауысты

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) орта дивизионда жұдырықтасатын болады. Бұл туралы боксшының өзі рингке оралуына байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде айтты.


"Басқа салмаққа өту туралы шешім қабылдап, енді орта дивизионда жұдырықтасатын боламын. Ұзақ үзіліс болды, алайда, бұрынғыдан күштірек болып оралып отырмын", - дейді Ислам.
Ислам 5 шілде Алматыда WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазастандық - бірінші орта салмақта жеңілмеген боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) те рингке шығады.
"Қарсыласым WBO рейтингінің ТОП-10 тізімінен. Әзірге есімі белгісіз, бірақ, мен дайынмын. Менеджерім келіссөздер жүргізіп жатыр. Басты мақсатым - WBO желісі бойынша белбеу жеңіп алу. Үлкен жекпе-жектерге дайынмын және осы бағыттағы бірінші қадам Алматыдағы жекпе-жек. Өзімді жақсы сезінемін және әлі талай жұдырықтасамын", - дейді Қанат Ислам. 
Еске салайық, бұл жекпе-жек Қанат Ислам үшін ұзақ үзілістен кейінгі рингке оралу болады. Боксшы соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген.
Келесі жекпе-жек 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын. Олдан кейін емнің дұрыс жүрмеуіне байланысты жарақат асқынып кетіп, боксшы осы көктемде ғана сауықты.


Дереккөз: Vesti.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру