Бокс 30 Мамыр, 2019 (0) (120)

Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл Атыраудағы халықаралық турнирде бақ сынайды

4-8 маусым күндері Атыраудағы "Жайық" спорт кешенінде бокстан Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтеді.


Биыл 11-ші рет өткізілетін додаға Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары да қатысады. Атап айтар болсақ, 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов пен 75 келідегі Әбілхан Аманқұл Атыраудағы турнирде бақ сынайды. 

Айта кету керек, екі боксшы да жарақатынан айыққан соң ұлттық құрамаға қайта оралып отыр. Әбілхан Аманқұл өткен жылғы Қазақстан біріншілігінен соң айтарлықтай ірі жарыстарға қатысқан жоқ. 

Еске сала кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев кеше Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысқан боксшылар тізімін жария еткен болатын. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру