Футбол 28 Мамыр, 2019 (0) (124)

Қазақстан құрамасының Бельгия және Сан-Мариноға қарсы ойнайтын футболшылары белгілі болды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Миxал Билек алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрама 9 маусымда ФИФА рейтингінде бірінші тұрған Бельгиямен және 11 маусымда соңғы орындағы Сан-Мариномен кездеседі.


Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Игорь Щацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат, Георгий Жуков  (барлығы - «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»); 

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Марат Еслямов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тадеуш Переход – дәрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – бейнеоператор, Максим Шауберт – менеджер, Александр Брейткрейц – администратор.


Дереккөз: kff.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру