Теннис 27 Мамыр, 2019 (0) (83)

Алматыда Forbes Cup Open 2019 турнирі аяқталды

Теннис турнирінің жеңімпаздарын марапаттау жексенбі, 26 мамыр күні Palladium ресторанында өтті.



Турнир Gorky Tennis Park кортында 24-26 мамыр аралығында, үш күнге созылды. Биылғы Forbes Сup Open 2019  жарысы ерлер және әйелдер арасында  masters және futures деп аталатын екі санат бойынша жекелеген ойындар сериялары түрінде болды. Тізімдегі қатысушылар саны 68-ге жетті, оның ішінде 48 ер, 20 қыздың болғанын айта кету керек.




26 мамыр күні кешке Forbes ашық кубогының жеңімпаздарыі, жүлдегерлері, қатысушылары және жанкүйерлері, сондай-ақ Forbes Сlub әріптестері мен достары Palladium ресторанына ресми марапаттау рәсіміне жиналды.




Турнир марафонының үш күнге созылғанына қарамастан, жиналғандар сергек, әрі көңілді көрінді. Мерекелік атмосфера айқын сезіліп тұрды. Әрбір келген қонақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде құттықтады.

Forbes Cup Open 2019 турнирінің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок пен ақшалай сыйлыққа және турнир демеушілері мен әріптестерінің бағалы сыйлықтарына ие болды.




Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов гала-кешті құттықтау сөздерімен ашты:

 - Бәріңізді көргеніме қуаныштымын. Мен теннис турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған салтанатты шараны осымен алтыншы рет ашып тұрмын. Бұл жарыс еліміздің әуесқой теннис әлеміндегі керемет оқиға екенін нық сеніммен айта аламын.Турнир қатысушыларына алғыс білдіремін. Ойындарыңызға, дайындықпен келгендеріңізге, тамаша көңіл-күй сыйлағандарыңызға рахмет. Бәрі таңғажайып болды!  Бізге керемет жағдай жасап отырған Gorky Tennis Park-ке, әділ төрелік жасағаны үшін әділ-қазылар алқасына да алғыс айтқым келеді. Біздің демеушілерімізді де атап өтейін, оларсыз бұл мереке аса қызықты өтпес те еді. Альфа-Банкке, Cadillac Almaty ресми дилеріне, The Glenlivet және G.H.Mumm сусындарын ұсынған Pernod Ricard-қа, Turkish Airlines әуе компаниясына және басқа да әріптестерімізге көп рахмет, - деді бизнесмен.




Futures санатындағы әйелдер арасындағы жарыстың көшбасшысы Елена Никитенко турнирде жеңіс оған үлкен қиындықпен келгенін айтты:

- Өте ауыр және жағымды жеңіске ие болдым. Әдетте мен masters санатына қатысатынмын, бірақ бұл жолы тіпті futures құрамы да өте күшті болды. Masters санатында нағыз шайқас болды. Өте қиын болды, бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жартылай финалда мен 2:6 есебімен ұтылып қалдым,бірақ алты сетте жеңіске жетіп, өзімді жігерлендіре отырып, жеңіске жеттім. Ұйымдастыру жағы  әрдайым жоғары деңгейде болатынын атап өткім келеді. Бұл бізге тек теннистен ләззат алуға мүмкіндік береді. Бұл таңғажайып нәрсе! – деді Елена Никитенко.




Masters санатындағы әйелдер арасындағы жарыстың жеңімпазы Анастасия Эртман посткеңестік кеңістіктегі ең үздік әуесқой турнирін ұйымдастырғаны үшін Forbes Kazakhstan-ға алғыс білдірді:

- Осындай тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін турнирдің бас ұйымдастырушысы – Forbes Kazakhstan ұжымына алғысым көп. Тамаша, жанға жайлы жарыс өтті. Оған алғаш рет қатысып тұрмын. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Бірінші айналымнан бастап үш мезгіл тамақтану үшін, жұмыс істеп жатқан төрешілер үшін көп рахмет - бұл өте жақсы екен, тіпті кәсіби турнирлердің өзінде мұндай жағдай жасалмайды. Бұдан Арманжан Байтасовтың әуесқой теннисті жақсы қолдайтынын көруге болады. Мен әуесқой турнирлерге жиі қатысамын. Қазақстандағы әуесқойлар арасындағы рейтингтің «бірінші нөмірімін», ал ТМД аумағында – «алтыншы ракеткамын». Forbes Cup Open – біздің елдегі ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі үздік әуесқой турнир деп сеніммен айта аламын, - деді Forbes Cup Open 2019 чемпионы.




Futures санатындағы ерлер арасындағы турнирдің жеңімпазы Аманжол Раисов қатысушылардың өте мықтылығын атап өтіп, жеңіске деген өз әсерін жеткізді:

- Жыл сайын қатысуға тырысамын және бесінші немесе алтыншы рет осында ойнап жүрмін. Алғаш рет жеңіске жеттім. Futures болса да, мен үшін бұл жақсы көрсеткіш. Сайыс оңайға соқпады, қарсылас-жігіттер өте күшті болды. Барлығы жарап тұр. Теннисті жан-тәніңмен ойнағанда, өз еңбектерінің жемісін көру жағымды болмақ. Менің ұлым Дәурен Раисов екінші орынға ие болып, тек мықты ойыншы Сергей Шахворостовтан ұтылып қалды. Жұптық разряд болғанда, қуана-қуана ойнар едік. Бұл мереке үшін Арманжан Байтасовқа алғыс білдіргім келеді. Оның теннисді жақсы көретіні және өзі де  ойнайтыны көрініп тұр. Барлығы аса жауаптылықпен ұйымдастырылды, - деп атап өтті Futures санатындағы жарыстың жеңімпазы.  




- Жеңімпазды шын қуана отырып және үлкен құрметпен құттықтаймын! Спорттағы жеңіс, сен әуесқойсың ба, кәсіпқойсың ба, маңызды емес, маңыздысы – үміттің ақталуы.  Біздің турнирдің абсолютті чемпионы да пайда болды, Сергей Шахворостов Forbes Cup Open  турнирін осымен үшінші рет жеңіп отыр. Оның керемет ойынына көп рахмет, - деп Forbes Cup Open 2019 masters санатының жеңімпазын Арманжан Байтасов жеке атап өтті.

Кезегі келгенде Сергей Шахворостов гала-кешке жиналғандарға алғысын білдірді:

- Барлық ұйымдастырушыларға, демеушілерге және жарыс қатысушыларына осы кеш үшін, мереке үшін алғыс айтқым келеді. Турнир барысында біраз қиын ойындардың болғаны рас, бірақ жеңімпаз атанып және осы жерде бәріңізбен тіл табысып, әңгімелесудің өзі бір ғанибет.





Forbes Cup Open 2019 жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Ғutures әйелдер санаты:

1. Елена Никитенко

2. Дина Темирғалиева

3. Мәдина Тілеубаева

Мasters әйелдер санаты:

1. Анастасия Эртман

2. Гуля Омарқожаева

3. Рано Итахунова


Ғutures ерлер санаты:

1. Аманжол Раисов

2. Ахмед Умаров

3. Талгат Нарембаев


Мasters ерлер санаты:

1. Сергей Шахворостов

2. Даурен Раисов

3. Нурлан Саутбаев


Forbes Cup Open 2019 турниріне қолдау білдіргендер:

Альфа банк

Cadillac Almatyресми дилері

Gorky Tennis Park

Turkish Airlines әуе компаниясы

The Glenlivet

Mumm жеңімпаздар сусыны

Villa Dei Fiori рестораны

Asia Thai Spa спа-бутигі

Samsonite компаниясы


Дереккөз: Forbes.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру