Жекпе-жек 26 Мамыр, 2019 (0) (160)

ММА Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы әлемде үздік ретінде мойындалды

Тайландтағы Азия чемпионаты-2019-да командалық есепте бірінші орын алғаннан кейін ММА Аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының құрамасы Халықаралық IMMAF ММА әуесқойлары рейтингісінде тұңғыш рет алғашқы орынға ие болды.


IMMAF ММА ТОП-10 рейтингісі (барлығы 58 ел бар) төмендегідей тізбектелді. Екінші орында – Бахрейн спортшылары, үшінші орында – Швеция құрамасы. Одан кейін Жаңа Зеландия, Ресей, Аустралия, Англия, Оңтүстік Африка, АҚШ және Мексика құрамалары жайғасқан.

Аталмыш рейтинг аралас жекпе-жектен әуесқойлар арасындағы тұңғыш рейтинг болып табылады. Және ұлттық құрамалардың рейтингімен қатар, жеке салмақ категориясындағы әр спортшының рейтингіне де қатысы бар. Ол ММА аралас жекпе-жектен Қазақстан біріккен Федерациясы 2019 жылдан бері мүшесі болған IMMAF ұйымының қолдауымен өткен континентальды және әлемдік додаларында алған баллдың әсерінен жасалады. 

Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында бірнеше федерацияларды біріктірген – «Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ жаңа құрылымы құрылды. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарды, бас директоры – Валихан Тен. 

Республикалық бірлескен федерация Кәрім Мәсімов президенті болып табылатын Жекпе-жек өнері ассоциациясының құрамына кіреді. Аталмыш ассоциация 4 бағытта жұмыс жасайды: каратэ, жекпе-жек, толық байланысқан спорт түрлері және аралас жекпе-жек ММА.

Азия чемпионатының бейнежазбасын сіз федерацияның ресми YouTube каналынан көре аласыз:


https://www.youtube.com/channel/UCfPsK37F6QtKEZnxzpBNNLA


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру