Күрес 21 Мамыр, 2019 (0) (174)

Демеу Жадыраев: Азия чемпионатында алтынсыз қалғанымыз өкінішті

Грек-рим күресінен қазақ балуандары биылғы Азия чемпионатынан алтынсыз қалды. Бүгінге дейін «классиктердің» қандай қате жіберіп, қай жерден мүлт кеткені туралы айтылып та, жазылып та келеді. Ал команда үздіктерінің бірі Демеу Жадыраев құрлық додасында жіберген кемшіліктері туралы оқырмандарына баяндап, алдағы жоспарларымен де бөлісе кетті.


«Қазіргі сәтте Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиыны өтуде. Спортшылар Болат Тұрлыханов мемориалына дайындалып жатыр. Мен бұл жарысқа қатыспаймын, десе де, командаластарымның жаттығуына көмектесудемін.

Азия чемпионаты аяқталған соң, көп жағдайды ой елегінен өткізіп, сараладым. Шыны керек, алтын болмады демесеңіз, балуандар жақсы күресті. Командалық есепте үшінші орын иелендік. Бірақ алтын медальдің орны бөлек қой...

Өз басым да чемпиондық атақтан үміттендім. Дайындығым мен физикалық күшіме еш шүбә келтірмеймін. Қателік сол кілемде кетті. Тактикалық, психологиялық тұрғыдан қателестім. Соның салдарынан биыл қоланы қанағат етуге мәжбүрмін. Алтын жүлденің алыстап кеткені өкінішті...

Бүгінде команданы өзгерістер күтіп тұр. Бұл жақсы бастамаларға жол ашарына сенемін. Бәріміздің басты мақсатымыз – өз жерімізде өтетін әлем чемпионатында жанкүйерді жерге қаратпау. Бұл бір үлкен сын болғалы тұр. Бар күш-жігерім мен ынтамды әлемдік сынға дайындалуға арнаймын», - дейді Демеу Жадыраев. 

Айта кетелік, сәуір айында Қытайда өткен әлем чемпионатында Демеу Жадыраев қола жүлдегер атанды. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру