Бокс 18 Мамыр, 2019 (0) (144)

Батыр Жүкембаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалесті бірінші раундта нокаутқа жіберді.


Бірінші жартылай орта салмақтағы боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен кездесті. Жекпе-жек канадалық Монреалдағы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының бокс кеші аясында өтті. Кездесу он раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта-ақ аяқталды. Жүкембаев бірінші раундтың соңғы секундтарында қарсыласын нокдаунға жіберді. Рефери санауды бастады, бірақ содан кейін техникалық нокаутты есепке ала отырып, жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл Батыр Жүкембаевтың профидегі 16-шы жекпе-жегі. Айта кетелік, 28 жастағы спортшы профидегі алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы өткізіп, әзірге тек Канадада өнер көрсеткен. 16 наурызда соңғы жұдырықтасуында қазақстандық төрешілердің бір ауыз шешімімен мексикалық Хильберто Месуды жеңген.


Дереккөз: Vesti.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру