Футбол 17 Мамыр, 2019 (0) (79)

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойын нәтижелері белгілі болды

Испанияның Салоу қаласында World Beach Games (Әлем жағажай ойындары) іріктеу кезеңі аяқталды.


Қазақстан құрамасы 1/8 айналымда Порутугалиядан ірі есеппен ұтылды - 10:2. Кейін 9-16 орындар үшін таласта Германияға жол берді. Есеп - 2:4. 

13-16 орындар үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Норвегиядан басым түсті - 4:1. Ал, турнирдің 13 орыны үшін өткен ойында біздің футболшылар Чехиямен жолығып, 2:4 есебімен жеңілді. 


Португалия - Қазақстан - 10:2 (5:0, 4:1, 1:1)

Голдар: Мартинс Б., Сантос (2), Бельшиор, Торрес, Мартинс Л. (3), Феррейра Гонсальвеш, Лоуренцо - Демешко (2).


Қазақстан - Германия - 2:4 (0:0, 2:1, 0:3)

Голдар: Муралинов 21, Әжікенов 23 - Франц 18 с пенальти, Корнер 25 с пенальти, 29, Мецлер с пенальти 34.


Қазақстан - Норвегия - 4:1 (1:0, 2:0, 1:1)

Голдар: Чапанов 6, Тюльпа 14, Муралинов 19, Демешко 27 - Салвесон 32.


Қазақстан - Чехия - 2:4 (1:2, 0:2, 1:0)

Голдар: Әжікенов 4, Демешко 36 - Радоста 3, Хураб 8, 21 Малина 16.


Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Виктор Чорный (к), Всеволод Гаврилов.

Ойыншылар: Дмитрий Перевертов, Виталий Тюльпа, Салман Чапанов, Баянбек Муралинов, Игорь Демешко, Станислав Макагон, Роман Богданов, Асқар Әжікенов, Тимур Ершин, Дархан Смаилов, Владимир Ковган.

Жаттықтырушылар штабы: Ерлан Жамантаев – аға жаттықтырушы, Болат Аленов – екінші бапкер, Азамат Кенжеғұлов – менеджер.


Дереккөз: kff.kz

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру