Футбол 16 Мамыр, 2019 (0) (40)

Сейілда Байшақов: «Финал өте тартысты өтті»

Мектеп оқушылары арасында Республикалық «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясының Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов жарыстан алған әсерімен бөлісті.


- «Coca-Cola Былғары доп» турнирі 13-рет ұйымдастырылды. Қазақстан футбол федерациясы, «Coca-Cola» компаниясы және ҚР Білім  және ғылым министрлігі мектеп оқушылары арасындағы еліміздегі ең үлкен бұқаралық турнирдің өтуіне атсалысып келеді.

Бүгін еліміздің әр өңірінен келген балалар Қазақстан Ұлттық құрамасы, «Астана» футбол клубы ойнайтын жасыл алаңға шығып, өз ойындарын көрсетті.

Финал өте тартысты өтті. Терезесі тең екі команда жолығып, матч соңындағы пенальти сериясында Жамбыл облысының командасының жолы болды.

Еліміздегі футбол ардергерлері де «Былғары доп» турнирі арқылы үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын жасады. Жас футболшыларды келешекте Премьер-лиганың үздік командаларының қатарынан көреміз деп үміттенемін, - деді Сейілда Икрамұлы.


Дереккөз: kff.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру