Футбол 15 Мамыр, 2019 (0) (43)

Жамбылдық футболшылар «Былғары доп» додасында топ жарды

Бүгін елордада «Coca-Cola былғары доп» жалпықазақстандық балалар және жасөспірімдер футбол турнирінің 2019 жылғы маусымының финалдық кезеңі өтті.


Үшінші орын үшін өткен матчта Алматы облысынан келген команда Маңғыстаудан келген құрдастарын жеңді. 
Ал чемпиондық талас үшін Қостанай мен Жамбыл облысынан келген спортшылар өзара сайысқа түсті. Матчтың негізгі уақыты тең аяқталды. Жеңімпаз тек пенальти сериясында анықталды. Футбол лотериясында Жамбыл облысының жасөспірімдері чемпион атанды. Пенальти сериясының нәтижесі - 5:4.
Турнирдің үздіктері:
Үздік ойыншы - Әлисұлтан Миллязов (Жамбыл обл);
Үздік бомбардир - Бағдат Оразалиев (Алматы обл);
Үздік шабуылшы - Ерxан Кәрімов (Алматы обл);
Үздік жартылай қорғаушы - Арназ Кәзімбеков (Қостанай обл);
Үздік қорғаушы - Нұржан Жұматов (Қостанай обл);
Үздік қақпашы - Нұрдәулет Қожамұратов (Жамбыл обл).
Айта кетейік, «Coca-Cola Былғары доп» – еліміздегі ауқымы өте кең жарыс. Себебі жылына 400 мың бала мен жасөспірім осы жоба аясында салауатты өмір салтын сақтап, ұдайы түрде спортқа, оның ішінде, футболға ден қойып жүр.  Биыл бұл турнирге 13 жыл. Содан бері қаншама талантты балалар түлеп шықты. Ұлттық құраманың намысын қорғап жүрген Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Серікжан Мұжықов, Сергей Хижниченко, Алексей Щеткин өздерінің алғашқы қадамдарын осы турнирден бастаған. 2010 жылы турнир ФИФА-ның арнайы сыйлығы – Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ең жақсы бұқаралық жарыс сыйлығын иеленген.


Дереккөз: BAQ.KZ

Фото: kff.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру