Жекпе-жек 13 Мамыр, 2019 (0) (43)

Каратеден ел Спартакиадасында Алматы мен Шымкент спортшылары топ жарды

Атырауда каратеден Қазақстан Спартакиадасы аяқталды. Соңғы жарыс күнінде катадан жекелеген және командалық бәсеке, сондай-ақ, кумитэден командалық жарыс жеңімпаздары анықталды.


Катадан командалық сында ерлер арасында Алматы, әйелдер арасында Батыс Қазақстан облыстары топ жарды. 

Ал кумитэден командалық сын аса тартысты өтті. Әсіресе, ширек финалда кездескен Ақтөбе және Маңғыстау облысының спортшылары жанкүйер көңілінен шықты. Команда сапында Азия ойындарының жеңімпазы Ринат Сағындықов пен Андрей Ақтауов сынды талантты спортшылар барына қарамастан, ақтөбеліктер көрші облысқа есе жіберді. 

Командалық кумитэ, ерлер: 

1. Маңғыстау облысы

2. Шымкент қаласы

3. Ақтөбе облысы

Командалық кумитэ, әйелдер: 

1. Маңғыстау облысы

2. Шымкент қаласы

3. Атырау және Алматы облыстары

Спартакиада нәтижесі бойынша Алматы және Шымкент қалалары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды бөлісті. 

Екінші орында Маңғыстау, үшінші орында Жамбыл облысы орналасқан. 


«Биылғы Спартакиада 2015 жылы Қарағандыда өткен жарыстан әлдеқайда жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ең басты айырмашылық – спортшылардың кәсіби деңгейде өсуі. Карате Олимпиада бағдарламасына енгелі бері спортшылардың көрсеткіші жоғарылағанын байқауға болады. Бәсекелестік деңгейі артқан, әрбір каратеші бар күшін сарқып, соңына дейін шайқасты. Біз көптеген облыстардың әлеуеті өскеніне көз жеткіздік», - дейді Спартакиаданы қорытындылап өткен команда бас бапкері Жасталап Санауов. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру