Футбол 08 Мамыр, 2019 (0) (79)

«Ливерпуль» Чемпиондар Лигасының финалына шықты (Видео)

Ағылшындық «Ливерпуль» Чемпиондар Лигасы жартылай финалының қарымта матчында «Барселонаны» ірі есеппен жеңіп, финалға жолдама алды.


«Энфилд» стадионында өткен ойында алаң иелерінің лидер ойыншылары ойнаған жоқ - мысырлық Мохамед Салах пен бразилиялық Роберто Фирмино жарақат алған болатын.

«Камп Ноуда» өткен алғашқы матч каталониялықтардың пайдасына 3:0 есебімен аяқталған еді, ал «Ливерпуль» өз алаңында қонақтар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

7-минутта шабуылшы Дивок Ориги есеп ашты. Үзілістен кейін «Барселона» қақпасында доп тағы үш рет тулады. 54 және 56-минуттарда Джорджиньо Вейналдум қанжығасын майлап, екі матч нәтижесі бойынша есепті теңестірді. Ал 79-минутта Ориги өз мүмкіндігін жібермей, матчтың нүктесін қойды - 4:0. 



Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Ливерпуль» «Барселонаны» 4:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші жыл финалға жолдама алды.

Чемпиондар Лигасы. Жартылай финал. Қарымта матч

«Ливерпуль» (Англия) – «Барселона» (Испания) 4:0 (1:0)

Голдар: Ориги 7 (1:0), Вейналдум 54 (2:0), Вейналдум 56 (3:0), Ориги 79 (4:0)

7-мамыр. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 55212 зрителей.

Судья - Джюнейт Чакыр (Турция).

Алғашқы  матч: 0:3




Жартылай финалдық екінші матчтың қарымта ойыны бүгін Амстердамда «Аякс» пен «Тоттенхэм» арасында өтеді. Естеріңізге салсақ, екі команда арасындағы Лондонда өткен алғашқы матчта голландиялықтар 1–0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Чемпиондар Лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру