Футбол 05 Мамыр, 2019 (0) (141)

Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур ойындары өтті

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының тағы бір туры өтті. Қызығы мен шыжығы көп біріншіліктің лидерлері саналатын “Астана” мен “Қайрат”өз алаңдарында жеңіліп қалды.

Көкшетаулық “Оқжетпес” өз алаңында “Шахтерды” қабылдады. Тартысты өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапынан Зорич 59-минутта, Алвес 78-минутта есеп ашса, Зенев 73, 84-минуттарда дубль жасап, кеншілерді жеңілістен құтқарып қалды. 

“Жетісу” мен “Тараз” матчында сары қағаз көрсетілген жоқ. Ұсақ-түйек фолдар болмаса, аса бір дөрекілік көрсетпеген қос команда тым жинақы ойнады. Талдықорғандықтар екінші таймның басында өз алаңында Алтынбековтың гол соғуына жағдай жасап, жеңісті жұлып әкетті. Есеп 1:0. 

Шымкентте жергілікті “Ордабасы” “Атырауды” ұтуға қауқары жетпеді. Фонтанелло 54-минутта алаң иелерін алға сүйресе, артынша Воменко есепті теңестірді. 


Алматылық “Қайрат” “Тобылдан” жеңілді. Бұған себеп те жоқ емес. Шпилевский шәкірттері ала-құла ойнап жүр. Голды бір кездері “Халық командасына” керек болмай қалған Бауыржан Тұрысбек соқты. Бұл 87-минут болатын. Ары қарай “Қайраттың” қайраты да, қауқары да жетпеді. Бұл матчта да ескерту тіркелген жоқ. 

9-турдың ең нәтижелі ойыны Ақтөбеде өтті. Жергілікті команда “Қайсармен” ойнап, 1:3 есебімен ұтылды. Қонақтар матч бастала салысымен-ақ гол соқты. Марочкин есеп ашып, Тағыберген мен Хайруллин тағы екі гол соқты. “Ақтөбе шабуылшысы Абат Айымбетов есепті қысқартты. 



“Астана” күтпеген жерден өз алаңында “Ертіске есе жіберді. Рохер Каньяс матчтың бітуіне 12 минут қалғанда гол соғып кетті. Қорытынды есеп 0:1. 

Көш басында 25 ұпай еншілеген нұрсұлтандықтар тұр. Оларды өкшелеп келе жатқан “Тобылдың 20 ұпайы бар. “Жетісу” мен “Қайсар” 17 ұпай жинап 3-орынға таласып тұр. “Қайрат” уақыт өткен сайын төменге сырғып барады. Турнир соңында “Ақтөбе” келеді. Олардың -6 ұпайы бар.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру