Хоккей 04 Мамыр, 2019 (0) (110)

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан овертаймда Беларусьтан басым түсті

Шайбалы хоккейден Қазақстан командасы бірінші дивизион, А тобындағы әлем чемпионатында қатарынан төрт ойында жеңіске жетті.


Бүгін өткен Беларусь пен Қазақстан арасындағы матчта біздің команда овертаймда жеңіске жетті. 

«Барыс-Аренада» өткен матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталған болатын. Қазақстан командасы сапынан Никита Михайлис пен Талғат Жайлауов көзге түссе, қарсыластар тарапынан Артем Демков пен Никита Феоктистов есепті теңестірді. Ал овертаймдағы жеңісті шайбаны қазақстандық Артем Шестаков соқты. 

Айта кетелік, негізгі уақытта тең ойын көрсеткен Беларусь құрамасы Қазақстанмен бірге элиталы дивизион жолдамасына иелік етті. 



Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру