Бокс 04 Мамыр, 2019 (0) (183)

Данияр Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді

«Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік», - дейді боксшының менеджері Зия Әлиев.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіби бокстағы келесі айқасын 25 мамырда АҚШ-та украиналық әлем чемпионы Александр Усик пен француз боксшысы Карлос Такаманың бокс кешінде өткізуі керек болатын.

Алайда Риодағы олимпиада чемпионының командасы айқасты кейінге ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев айтты.  «Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақын уақыта  жариялаймыз», - деді Алиев.

Бұған дейін Головкин мен Роллс айқасының андеркартында тағы бір жеңілмеген қазақстандық бокшы Әли Ахмедовтың өнер көрсететіні жарияланған болатын.

Еске салайық, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру