Футбол 04 Мамыр, 2019 (0) (238)

Аршавиннің кетуі «Қайратқа» қалай әсер етеді?

Атақты ресейлік шабуылшы Андрей Аршавин өткен маусымда мансабының аяқталғанын жариялады. Оның соңғы клубы қазақстандық «Қайрат» болатын.


Алматылық команда үшін Андрей 84 матч ойнап, 24 гол соқты.  Аршавиннің Қазақстанда ойнаған кезеңдері сәтті болды. Ол 2 рет ел кубогын және бір ҚР суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, чемпионаттың күміс медалін үш рет иеленді.
Ресей жұлдызы кеткен соң, «Қайратқа» оңай соқпайтыны анық еді. Андрей алаңда ғана емес, шешінетін бөлмеде де шешуші рөл атқаратын ойыншы болды. Маусымаралық кезеңде команда Аршавинді алмастыру үшін бірнеше тәжірибелі ойыншылармен толықты. 



Қазіргі уақытта «Халық командасы» 8 ойыннан кейін 3-орынды иеленіп тұр. Өз алаңында «Қайрат» өзін судағы балықтай сезінуде. Алғашқы 5 матчта, мына командаларды ұтты:
"Атырау".
"Оқжетпес".
"Шахтер Қарағанды".
"Тараз".

Биыл «Қайрат» өз алаңында ел чемпионы «Астанадан» ғана ұтылды.


Осындай тамаша формасының арқасында «Қайраттың» ойындарына бәс тігуге болады, бұған 1xBet букмекерлік кеңсесі көмектеседі.


Сырт алаңдағы ойындар клуб үшін сәтті өтіп жатыр деуге келмейді. Соңғы 4 матчта бір ғана жеңіске ие болды. Команда жаттықтырушысы Алексей Шпилевскидің алдында қиын міндет тұрғаны анық. Бәлкім, футболшылардың психологиясында проблема бар немесе дайындық мәселесі ойдағыдай емес шығар.

Осы маусымдағы команда болашағы

Өткен маусыммен салыстырғанда, «Қайрат» құрамы үлкен өзгеріске ұшырады. Бірнеше жаңа ойыншылар, соның ішінде легионерлер де келді. Олардың жақсы ойнап кетуіне және өз әлеуетін көрсетуге уақыт керек. Оған дәлел елордалық командамен болған матчтың нәтижесі. Алматылық клуб нашар ойнады, қарсылас қақпасын дәл көздей алмады, сөйтіп 2:0 есебімен заңды түрде жеңілді.
Бұл маусымдағы команданың басты мақсаты - Чемпиондар Лигасына жолдама алу, ол үшін команда ел чемпионы атануы тиіс. Бұл, әрине, оңай шаруа емес, себебі жеңімпаз болу үшін бәсекелестік өте жоғары. Сондай-ақ, клуб ел кубогында күресті жалғастырып жатыр. Онда ширек финалда «Қайраттың» қарсыласы "Тобыл" болады. Кубок иегері атағын қорғау оңайырақ болуы мүмкін, өйткені «Астана» 1/8 финал кезеңінде турнирден шығып қалды. Енді Алексей Шпилевскидің командасы турнирдің басты фавориті саналады. Бірақ, кубокта сенсация мен күтпеген нәтижелер тіркелуі мүмкін болғандықтан, босаңсуға болмайды.


«Халық командасының» ойынын бақылау көрерменді сүйсінтеді, ал 1хВет арқылы футболға бәс тігілсе, жақсы пайда әкелуі мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру