Футбол 02 Мамыр, 2019 (0) (142)

Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Ливерпульді» ірі есеппен ұтты (Видео)

Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы кездесуінде каталондықтар «Ливерпульді» ірі есеппен ұтты.


«Камп Ноуда» өткен матчта Месси бастаған «Барселона» ағылшын командасын 3-0 есебімен тізе бүктірді. Ойынның 26-минутында шабуылшы Суарес есеп ашса, екінші таймдағы Мессидің қос голы каталондық клубтың финалға шығу мүмкіндігін шешіп қойғандай.

БАРСЕЛОНА – ЛИВЕРПУЛЬ – 3:0

Голдар: Луис Суарес, 26 (1:0). Лионель Месси, 75 (2:0). Лионель Месси, 82 (3:0).

1-мамыр. Барселона. «Камп Ноу» стадионы. 



Естеріңізге салайық, Чемпиондар лигасының жартылай финалдық алғашқы матчында «Аякс» Лондонда «Тоттенхэмді» ұтқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру