Хоккей 01 Мамыр, 2019 (0) (157)

Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Литвадан басым түсті

Бүгін Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобында кезекті тур ойындары өтті. Қазақстан құрамасы Литва құрамасынан басым түсті.


Айта кетерлігі, бұған дейінгі қос құраманың өзара кездесуінде Қазақстан хоккейшілері төрт мәрте жеңіске жеткен екен. Бүгін сол жеңісті жол жалғасты. Біздің жігіттер аталмыш құраманы бесінші мәрте тізе бүктірді.

Бүгінгі кездесуде Дастин Бойд 10-минутта еліміздің құрамасын алға шығарды. Ал 31-минутта Никита Клещенко мергендік танытты. Есеп 2:0. Ал 41-минутта Литва сапынан Арвидас Домейка есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп 59-минутта белгілі болды. Қазақстан құрамасынан Даррен Диц соңғы минутта шайба соғып кетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін аталмыш кездесуден басқа ойын болған жоқ. Ал кеше Беларусь Венгрияны 3:1, Оңтүстік Корея Словенияы 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Алғашқы екі турдан кейін Оңтүстік Корея, Беларусь және Қазақстан құрамалары алты ұпайдан жинап, алғашқы үш орынды өзара бөлісіп тұр. Ал Словения, Литва және Венгрия құрамаларының еншісінде ешқандай ұпай жоқ.

Үшінші тур ойындары 2 мамыр күні болады. Бұл күні Литва мен Венгрия, Беларусь пен Словения, Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамалары шеберлік байқасады.


Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру