Футбол 29 Сәуір, 2019 (0) (133)

УЕФА өкілі Қазақстан футбол федерациясында жиын өткізді

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде УЕФА Ұлттық қауымдастығының бизнесті дамыту менеджері Александр Кучерявыйдің қатысуымен екі күнге созылған семинар-жиналыс өтті.


Александр Кучерявый УЕФА GROW жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру үшін арнайы атбасын Қазақстанға бұрды. Оның ішінде маркетинг және медиа, бұқаралық футбол, балалар мен жасөспірімдер футболы, санды коммуникация мен стратегияны жоспарлау бағыттындағы жұмыстар бар.

Сонымен қатар, УЕФА менеджері мемлекет үшін футболдың маңыздылығын баяндайтын SROI (Social return on investment) жобасын терең түсіндірді.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Александр Кучерявый арасында екіжақты кездесу өтіп, ҚФФ мен УЕФА арасындағы өзара қарым-қатынас талқыға түсті.



Дереккөз: kff.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру