Бокс 26 Сәуір, 2019 (0) (257)

Азия чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағамбет чемпион атанды

Бүгін Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтті.



Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді Тұрсынбай Құлахмет алып келді. 75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет ақтық сында үндістандық Ашиш Кумарды жеңіп, өз мансабында алғаш рет құрлық чемпионы атанды.

81 келіде жұдырықтасқан қазақ боксшысы Бек Нұрмағамбет те финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді жеңіп, құрлық бәсекесінен қара үзіп шықты. 



Өкінішке қарай, 60 келідегі Зәкір Сафиуллин ақтық сында жеңіліс тапты. Сафиуллин финалда моңғолиялық Цендбаатар Эрденебаттан ұтылды. Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша Эрденебатты жеңімпаз деп тапты. Осылайша, Сафиуллин күміс медаль иеленді.



Шаршы алаңға ең соңғы болып аса ауыр салмақтағы боксшылар шыққан болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев алтын үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды.

91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов арасындағы кездесу қандай да бір боксшының айқын басымдығымен өткен жоқ.  Алайда, төрешілер сәл ғана басымдықты Жалоловқа беріп, біздің команда капитаны Азияның күмісін қанағат тұтты. 



Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жалпы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен аяқтады.


Фото: Olympic.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру