Футбол 25 Сәуір, 2019 (0) (149)

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жеңімпаз бола ма?

Ертең Алматы қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының ақтық ойындары өтеді.

Чемпиондар лигасының соңғы кезеңіне жолдама алған «Қайрат» (Алматы), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания), «Спортинг» (Португалия) ертеңнен бастап «Almaty Arena» спорт кешенінде биылғы жылдың ең мықтысын анықтамақ. Алматы қаласында 3-ші мәрте өткізіліп жатқан айтулы доп додасында «Қайрат» үнемі жартылай финалда ұтылған. Ер кезегі үшке дейін демекші, осы жолы «Қайрат» жеңімпаз атана ала ма екен?



26 сәуір

18:45. «Интер» - «Спортинг»

Қос команда қатарынан 2 жыл чемпиондар лигасының финалында бастары түйісіп, екеуінде де «Интер» жеңісті тойлаған еді. Осы жолы «Қайраттың» үздігі болған Лео бастаған «Спортинг» қалайда сәтсіздік сериясын тоқтатуға тырысады. Алайда сапында әлемнің ең үздік португал футзалшысы Рикардиньо ойнайтын «Интерді» тоқтату кімге болса да оңай болмасы анық. Оның үстіне чемпиондар лигасын ешқандай клуб 3 мәрте қатарынан ұтпаған ескергеніміз жөн.

21:30. «Қайрат» - «Барселона»

Финалдық кезеңде әлсіз қарсылас болмаса да, «Қайрат» үшін жеребе қолайлы түсті деп айта аламын. Себебі, бұған дейін «Қайрат» 2013 жылы жартылай финалда «Барселонаны» 5:4 есебімен ұтса, 2015 жылы финалда 3:2 есебімен басым түскен. Бір қызығы 2 рет кездескенде де «Қайрат» Чемпиондар Лигасын ұтқан. Бұл жолы да «Барселонадан» басым түссек, жеңісті жолды жалғастыратынымызға сеніміміз мол. Алайда финалға шығып жатсақ, өте қолайсыз қарсыласпен ойнаймыз.


Кездесулер теке-тіресі:

2006 жыл. 2-ші іріктеу раунды. Интер – Қайрат 5:2

2009 жыл. Жартылай финал. Интер – Қайрат 5:0

2017 жыл. Жартылай финал. Интер – Қайрат 3:2

2011 жыл. Жартылай финал. Алматы. Спортинг – Қайрат 3:2

2018 жыл. Негізгі раунд. Спортинг – Қайрат 2:1

28 сәуір

18:45. 3-орын үшін талас

21:30. Финал


Кімдер жеңімпаз атанған?

2018 (Сарагоса): "Интер" (ESP) - "Спортинг" (POR) 5:2
2017 (Алматы): "Интер" (ESP) - "Спортинг" (POR) 7:0
2016 (Гвадалахара): "Югра" (RUS) - "Интер" (ESP) 4:3
2015 (Лиссабон): "Қайрат" (KAZ) - "Барселона" (ESP) 3:2
2014 (Баку): "Барселона" (ESP) - "Динамо" (RUS) 5:2 (қосымша уақыт)
2013 (Тбилиси): "Қайрат" (KAZ) - "Динамо" (RUS) 4:3
2012 (Лерида): "Барселона" (ESP) - "Динамо" (RUS) 3:1
2011 (Алматы): "Монтесильвано" (ITA) - "Спортинг" (POR) 5:2
2010 (Лиссабон): "Бенфика" (POR) - "Интер" (ESP) 3:2 (қосымша уақыт)
2009 (Екатеринбург): "Интер" (ESP) - "Синара" (RUS) 5:1
2008 (Москва): "Синара" (RUS) - "Мурсия" (ESP) 4:4 ( пен. 3:2)
2007 (Мурсия): "Динамо" (RUS) - "Интер" (ESP) 2:1


2 алаңдық кездесулер
2006: "Интер" (ESP) - "Динамо" (RUS) 6:3/3:4, қорытынды есеп: 9:7
2005: "Аксьон" (BEL) - "Динамо" (RUS) 4:3, 6:6 қос.уақыт, қорытынды есеп: 10:9 
2004: "Интер" (ESP) - "Бенфика" (POR) 4:1/3:4, қорытынды есеп: 7:5
2003: "Кастельон" (ESP) - "Аксьон" (BEL) 1:1/6:4, қорытынды есеп: 7:5


8 команданың қатысуымен өткен финалдық кезең
2002 (Лиссабон): "Кастельон" (ESP) - "Аксьон" (BEL) 5:1

Ең ірі жеңіс

2004-2005 жыл. "Олимпик" Тирана - "Аксьон-21" 3:44


Ең көп жанкүйер болған кездесулер

Финалдық кезең: "Барселона" - "Спортинг" (2014/15, 1/2 финал, Лиссабон) 12 076
Іріктеу кезеңі: "Кайрат" - "Реал Риети" (2016/17, Алматы) 6 500

Финалдық кезеңге ең көп шыққан команда

"Қайрат" (KAZ) 7
"Динамо" (RUS), "Интер" (ESP) 6
"Барселона" (ESP), "Спортинг"* (POR) 5
"Бенфика" (POR) 3
"Араз" (AZE), "Мурсия" (ESP), "Синара" (RUS), "Югра" (RUS) 2
"Аксьон-21" (BEL), "Дина" (RUS), "Дьор"* (HUN), "Иберия Стар" (GEO), "Лупаренсе" (ITA), "Марка" (ITA), "Монтесильвано" (ITA), "Пескара" (ITA) 1


Мемлекет бойынша финалдық кезеңге өткен командалар саны

Испания 13
Ресей 11
Португалия 8
Қазақстан 7
Италия 4
Әзірбайжан 2
Бельгия 1
Грузия 1
Венгрия 1


Автор: Қанат Байұзақов


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру