Бокс 25 Сәуір, 2019 (0) (67)

Геннадий Головкин бапкері Санчеспен келісімшартты үзгенін мәлімдеді

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатты.



«Мен өзім үшін, мансабым үшін маңызды шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жетістіктеріме сүйене отырып, өзімді жетілдіре түскім келеді. Сондықтан енді Абель Санчеспен жаттығу өткізбеймін. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ әрі мұның Абельдің кәсіби қабілетіне де еш қатысы жоқ. Ол - тамаша бапкер, жұмысына адал, Даңқ залына аты жазылған бапкер. Жаңа бапкерім туралы кейінірек хабарлаймын. Ал бүгін бокста берген сабақтары үшін Абельге алғыс айтамын», - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram парақшасына.

Еске сала кетейік, сарапшылар былтыр Головкин мен Мурат Гассиевтің жеңілісінен кейін Абель Санчестің біліктілігін сынға ала бастаған болатын. Геннадий Головкин Санчеспен 2010 жылдан бері жаттығып келді.

GGG (38-1-1, 34КО) алдағы 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.


Дереккөз: ҚазАқпарат.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру