Күрес 24 Сәуір, 2019 (0) (84)

Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтынын жеңіп алды. Еркін күрестен 74 келіде белдескен Данияр Қайсанов сары құрлықта қарсылас шыдатқан жоқ.


Ақтық айқаста Қайсанов үнділік балуан Дханкарды 5:0 есебімен жеңіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды. 

Іріктеу айналымдарында Данияр Моңғолия, Өзбекстан және Бахрейн балуандарынан басым түсті. Бұл Даниярдың құрлық көлемінде жеңіп алған екінші ірі жүлдесі. Ол 2018 жылғы Азия ойындарында күміс медальға қол жеткізген болатын. 

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан командасы үшін Азия чемпионаты 5 медальмен аяқталды. 70 келідегі Нұрқожа Қайпанов пен 74 келідегі Данияр Қайсанов құрлық біріншілігінде топ жарса, 65 келідегі Саятбек Оқасов финалдық жекпе-жекте сүрінді. 

79 келідегі Ғалымжан Өсербаев пен 97 келідегі Ерғали Әлішер қола жүлдегерлер қатарында.


Дереккөз: Olympic.kz.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру