Күрес 23 Сәуір, 2019 (0) (118)

Ислам Бозбаев дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фуджейрада дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Кеше татамиге шыққан балуандарымыз арасынан Ислам Бозбаев қана көзге түсті.


Жартылай финалда тәжікстандық спортшыға есе жіберген Бозбаев қола медаль үшін күресте кореялық Донгхан Гвакты ұтты. 

Осылайша, дзюдодан Қазақстан командасы Азия біріншілігінен 6 медаль еншіледі. 

Ерлан Серікжанов Азия чемпионы атанса, Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг күміс медальға қол жеткізді. Ғұсман Қырғызбаев, Севара Нишанбаева және Ислам Бозбаевтар құрлық додасынан қоламен оралмақ. 

 

Дереккөз: ҚР Дзюдо федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру