Alaman Ақпарат 23 Сәуір, 2019 (0) (141)

Шымкентте регби-7 спортынан ел спартакиадасы басталды

Бүгін Шымкентте регби-7 спортынан Қазақстан Спартакиадасы басталды.


Республикалық турнирге әйелдер мен ерлер командасы қатыспақ. 

Ерлер арасында жалпы есебі тоғыз команда сынға түседі. Атап айтар болсақ, Алматы, Шымкент, Ақтау, Тараз, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Алматы облыстарынан командалар жиналды. 

Әйелдер арасында Алматы, Шымкент, Қостанай қалалары мен Алматы облысының спортшылары бақ сынайды. 

Кездесулер 23-24 сәуір күндері «БИІК» спорт кешенінде өтеді. 

 

Дереккөз: Olympic.kz. 

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру