Жекпе-жек 22 Сәуір, 2019 (0) (170)

Дархан Асаділов Рабаттағы Премьер-лига турнирінде топ жарды

Марокконың Рабат қаласында каратеден Премьер-лига кезеңі аяқталып, қазақстандық Дархан Асаділов чемпион атанды.


Финалда Асаділов жастар арасындағы бес дүркін Еуропа чемпионы, Премьер-лига турнирлерінің жеңімпазы, түркиялық Салман Ерайды жеңді. 

Жекпе-жектің аяқталуына 10 секунд қалғанда Дархан тәжірибелі әрі шебер қарсыласын өз арбауына түсіріп, басына соққы жасап үлгерді. Бұл біздің спортшының жеңісі үшін жеткілікті еді. 

Салман Ерай әлемдік рейтингте Асаділовтен жоғары тұрғанымен, олимпиадалық рейтингте алтыншы сатыда орналасқан. 

Ақтық айқасқа дейін Дархан екі әлем чемпионын жарыс жолынан шығарды. Бразилиялық Броза мен италиялық Кречензоны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық Сагоны жеңген Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте жоғарылауға мүмкіндік беретін маңызды ұпай еншіледі. 

Сондай-ақ, 84 келіде сынға түскен Игорь Чехмарев турнирдің қола жүлдесін иеленді. 


Дереккөз: Olympic.kz.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру