Күрес 20 Сәуір, 2019 (0) (198)

Дзюдошы Ерлан Серікжанов Азия чемпионатында алтын алды

Дзюдодан Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан Азия чемпионатында бірнеше отандасымыз жүлделі орындардан көрінді.


Дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы медальды салды. Финалда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесімен шыққан жерлесіміз Қытайлық балуан қыздан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты. 

Сондай-ақ ерлер арасында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иеленді. Ол өзбек дзюдошысы Шарофиддин Латфуллаевты жеңді. Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақта жарысқа шықты.

57 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Севара Нишанбаева да қола медальға қол жеткізді.

Ал 66 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық финалда жеңісті Ерлан Серікжанов иеленіп, Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды. Елдос Жұмақанов иығының жарақатына байланысты ақтық кездесуден бас тартып, күміс жүлдеге иелік етті.

Айта кетейік, аз уақыт бұрын қазақстандық екі дзюдошының финалда кездесетіні туралы жазған болатынбыз.


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру