Футбол 18 Сәуір, 2019 (0) (148)

Қазақстан қыздар құрамасы U-17 УЕФА Даму Кубогына қатысады

Турнир 6-11 мамыр аралығында Беларусь астанасы Минскіде өтеді.


Турнирге Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан және Фарер аралдары қатысады. Қазақстан құрамасы 27 сәуір мен 5 мамыр аралығында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Әйгерім Түймебаева, Анастасия Хохлова;

Қорғаушылар: Ясмина Мұқашева, Ангелина Хабуева, Алена Иванова, Назмина Сағатова, Сабина Саматова, Айжан Абылғазиева, Камила Совет, Кристина Шустова, Айнұр Байсуфинова;

Жартылай қорғаушылар: Эльдана Әйтімбетова, Бибігүл Хасенова, Рамина Иманжанова, Перизат Серік, Лаура Рахметжан, Ольга Плотникова;

Шабуылшылар: Сабина Елубаева, Жасмина Алмасқызы, Адэля Абжан; 

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушы, Абдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Мадина Шойкина - қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева - дәрігер, Айман Бейсенова - массажист, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор.


«УЕФА Даму Кубогы-2019» турнирінің ойын кестесі: 

7 мамыр
Әзірбайжан - Фарер аралдары
Беларусь - Қазақстан

9 мамыр
Фарер аралдары - Қазақстан
Беларусь - Әзірбайжан

11 мамыр
Қазақстан - Әзірбайжан
Фарер аралдары - Беларусь

Өткен жылы Қазақстан құрамасы УЕФА Даму Кубогында екінші орын алған болатын. Біздің қыздар Беларусь және Румыния құрамаларын ұтып, алаң иелері Грузияға жол берді.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру