Күрес 16 Сәуір, 2019 (0) (144)

Дзюдошы Еламан Ерғалиев тыйым салынған дәрі-дәрмекті қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді

Қазақ күресінен 2017 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев тыйым салынған дәрі-дәрмекті қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді.


Дзюдодан былтырғы Қазақстан чемпионатынан соң Ерғалиевтің допинг сынамасы оң нәтиже берген. Ел чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақта сынға түсіп, Ерасыл Қажыбаевтан ғана ұтылған еді. 

Сараптама қорытындысы бойынша, спортшыдан тыйым салынған тамоксифен дәрмегі табылды. Бұл дәрі-дәрмек ағзадағы тестостерон деңгейін айтарлықтай көтеретінімен белгілі. Ерғалиев 2018 жылдың 8 желтоқсанынан 2020 жылдың 8 желтоқсанына дейін спорттық жарыстарға қатыса алмайды.  

Еламан Ерғалиев 2017 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінде күтпеген жерден топ жарып, 25 миллион теңге мен алтын белдік және «Тайтұяққа» иелік еткен болатын. 

Еске сала кетейік, Ұлттық Олимпиадалық комитет допинг мәселесіне нөлдік төзімділік бағытын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау саясатын қолдайды. 


Дереккөз: Қазақ күресі федерациясы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру