Ұлттық спорт 15 Сәуір, 2019 (0) (301)

Ұлттық ат спортынан Азия чемпионатына қатысатын еліміздің жастар құрамасы белгілі болды

Тұңғыш ұйымдастырылған Ұлттық ат спортынан Жастар арасындағы I Азия чемпионатына өтінім берген мемлекеттер қатары онға жуықтады. Қазіргі кезде Қытай, Венгрия, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдері спортшыларының жарысқа қатысатын тізімі анықталды. Сондай-ақ, чемпионатта Малайзия, Түркия спортшылары да бақ сынауы мүмкін.


Аталмыш бәсеке 16 сәуірде Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ту көтереді. Оннан астам мемлекет командалары апта бойы  І Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Көкпардан ҚР Ұлттық жастар құрама командасының мүшелері:

Құрманбек ТҰРҒАНБЕК (команда капитаны) –  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанған  «Әулие-Ата» командасының ойыншысы. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың төл шәкірті. Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері». ҚР Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі. Көкпардан  жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының  5 дүркін  жеңімпазы (2013, 2014,2017, 2018, 2019).  Көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының  жеңімпазы (2016 жыл).  Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» республикалық фестивальдің жеңімпазы (2018 жыл). Дүниежүзілік ІІІ Көшпенділер ойындарында «Ең үздік көкпаршы» атағын иеленген  (2018 жыл).

Жарылқасын Ернар (Жамбыл облысы)

 Мәлімбай Ернат (Жамбыл облысы)

Камелхан Ернұр (Жамбыл облысы)

Серікжан Бақдәулет (Алматы облысы)

Мамыт Әділет (Түркістан облысы)

Әбдірахман Асхат (Түркістан облысы)

Асқаров Нұрлыбек (Қызылорда облысы)

Айтбай Жасұлан (Атырау облысы)

Әзімбаев Ерсұлтан (Жамбыл облысы)

Төлеп Нұрислам (Түркістан облысы)

Қарқабат Бекзат (Түркістан облысы)

Жаттықтырушылар:

Атамекен Рүстемов – команданың аға жаттықтырушысы

Нұржігіт Мырзабаев – команда жаттықтырушысы

 Құрманбай Есжан – команда жаттықтырушысы

ҚР Жамбы ату командаларының мүшелері:

  1. Бабажан  Бақдәулет (Жамбыл облысы)
  2. Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)
  3. Жақсыбек Бекзат (Түркістан облысы)

 ҚР Теңге ілу командасының мүшелері:

  1. Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)
  2. Елжанов Нұрхан  (Ақтөбе  облысы)

ҚР Аударыспақ командасының мүшелері:

  1. Аманжол Нұрбек – 50 келі салмақта (Қарағанды облысы)
  2. Құралбай Ермек – 60 келі салмақта (Түркістан облысы)
  3. Иманғазыұлы Нармағанбет – 70 келі салмақта (Батыс Қазақстан облысы)
  4. Ағабек Ғабит – 80 келі салмақта  (Түркістан облысы)
  5. Жаналин Әділжан – + 80 келі салмақта  (Ақтөбе облысы.


Естіріңізге салайық, Ұлттық спортты шетелдерде насихаттау үшін чемпионат ережесіне аздаған өзгертулер енгізілгені туралы жазған болатынбыз.



Дереккөз: Argymaq.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру