Бокс 13 Сәуір, 2019 (0) (154)

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливасты екі титулды чемпиондық атақ үшін жекпе-жекте жеңді.


Бұл жекпе-жек Лос-Анджелестегі Staples Center алаңында бокс кешінің андеркартінде өтті. Бұл кештің ең басты жекпе-жегінде украиналық жеңіл салмақта WBA (Super) и WBO нұсқаларының чемпионы Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Кролла кездесті. 

Әлімханұлы мен Оливастың жекпе-жегі 10 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Бұл жеңістің арқасында Жәнібек Әлімханұлы бос тұрған аймақтық WBC Continental Americas титулы мен екінші дәрежелі WBO Global белбеуін иемденді. 26 жастағы Әлімханұлы алты рет жеңіске жетті, оның екеуі нокаутпен. АҚШ-та шаршы алаңда ол алғаш рет 2018 жылы өнер көрсетті. Оған қоса сол жақта 4 жекпе-жек өткізген. Осының алдындағы жекпе-жекте ол бірінші рет титул үшін жұдырықтасты.

27 жастағы Оливас үшінші рет жеңіліс тапты. Ол 16 рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол нокаутпен жеңілмеген. 2018 жылдың қыркүйек айына дейін мексикалық тек өз елінде өнер көрсетті. Кейін АҚШ-та жұдырықтаса бастады. Бірақ ол осы жақта өткізген үш жекпе-жегінде жеңіске жете алмады. Айта кетейік, Әлімханұлы украиналық Ломаченко секілді Top Rank промоутерлік компаниясының аясында бокстасып жүр.


Дереккөз: Tengrinews.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру