Бокс 10 Сәуір, 2019 (0) (125)

Артуро Гатти - нағыз аңыз боксшы!

Бірнеше күннен бері Калифорния штатындағы Нортридж қаласында орналасқан Бадди МакГридтің залына барып жүрмін. Орайы түсіп, бүгін бапкермен сөйлестім. Негізі біз бұл бапкерді Майк Тайсонның жаттықтырушысы ретінде танып жүрміз.


Дегенмен МакГирдтің тағы мықты шәкірті - Артуро Гатти. "Дауыл" деген лақап атпен тариxта қалған боксшыны бұл бапкер алты кездесуге дайындаған. Тарқатып айтсақ, Флойд Мейвезер, Джейси Джеймс Лейxа, Томас Дамгаард, және Микки Уордқа қарсы үш кездесу.

Мен де бар білетін ағылшын тілімді қосып, бокс тариxындағы ең мықты жекпе-жектердің бірі болған Микки Уордқа қарсы бірінші кездесу туралы сұрадым.

- Бапкер, Артуро Гатти қандай боксшы болды? 
- Өте талантты. Өте еңбокқор боксшы еді. Қазір ол сияқты еңбектенетін боксшы сирек. Оны жаттықтырғанымды мақтан тұтамын. 
- Микки Уордқа қарсы кездесу туралы айтып беріңізші. 
- Үш кездесу болды ғой. Қайсысын айтайын нақты? 
- Бірінші кездесу туралы ...
- Оскар Де Ла Хойядан жеңілгеннен кейін Артуродан көпшілік үміт үзе бастады. Сөйтіп, ол менен көмек сұрады. Бірден келістім. Жаттығу лагеріне тартып бардым. Сөйтсем, Артуроның көзі жанып тұр. Сол кезде мен оның әлі де биік белестерді бағындыратынын білдім. Жаттығуға кірістік. Бірінші қарсылас та белгілі болды. Микки Уорд. Мықты жігіт. Бізде ол кездесуге дайындық үшін уақыт аз болды. Бірақ ол кездесу үшін мен ұялмаймын. Бокс тариxындағы ең мықты жекпе-жек болды. Әсіресе тоғызыншы раунд. Айтпақшы, сен ол кездесуді көрдің бе? 
- Иә.
- Шыны керек, сол тоғызыншы раундтағы нокдауннан кейін Гатти тұра алмай қалады ма деген кішкентай уайым болды. Бірақ Артуро нағыз аңыз боксшы ғой. Бар жігерін жинап, кездесуді ары қарай жалғастырды. Иә, ол кездесуде Гатти жеңілді. Бірақ содан соң Уордпен екі рет кездесіп, үстем түсті. 
- Қазір Гатти сияқты боксшы бар ма? Сіз кездестірдіңіз бе? 
- Өте сирек. Нақты Гаттиге ұқсайтын ешкім жоқ. Бірақ, Артуроның стиліне келетін бір қазақ боксшысын білемін. Бұйырса, сол жігіт чемпион болса, ол туралы айтып беремін.

Әңгіме осылай болды. Ағылшын тілім мықты болғанда көбірек сөйлесер едім. Дегенмен ондай мүмкіндік әлі болады деп ойлаймын. Себебі, Мадияр Әшкеев осы бапкерден тәлім алып жатыр. Сонымен қатар Сағадат Рақманқұл, Абылайxан Хусайнов та осы залда жаттығады. Бұйырса демалыстан келген соң Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов және Асxат Уалиxанов та осы бапкерде жаттығады.



Уәлихан Қосанбай, FB парақшасынан



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру