Бокс 10 Сәуір, 2019 (0) (159)

Фируза Шәріпова Мәскеуде болатын жекпе-жекте кіммен айқасады?

Кәсіпқой бокстан қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шәріпова 20 сәуір күні Мәскеудегі Флойд Мейвезер бокс академиясында ресейлік Анастасия Тришинамен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы «Фируза Шәріпованың бокс қорының» баспасөз қызметі мәлім етті.


Тришина Фирузамен болатын жекпе-жекке дайындық барысында Юлия Куценкомен спаррингке шығып жүрген. Әуесқой бокс және әуесқой кикбоксингте халықаралық турнирлердің біразын ұтып, тіпті кикбоксингтен Азия біріншілігінде жеңіске жеткен. Ресейлік кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылы өткізген. Бұдан кейін Қытайда өнер көрсетіп жүрген. Алайда оның жекпе-жектері лицензиясыз өткендіктен, BoxRec тізіміне алынбаған.


Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру