Хоккей 03 Сәуір, 2019 (0) (178)

«САРЫАРҚА» ФИНАЛДА!

Жоғарғы Хоккей Лигасында өнер көрсететін қарағандылық «Сарыарқа» плей-офф аясында финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Alaman спорт порталы.


Жартылай финалда Санкт-Петербургтың «СКА-Невасымен» кездескен жерлестеріміз 4 сериялық ойынның барлығында жеңіске жетті. Қарағанды қаласында өткен ақтық ойында «Сарыарқа» клубы қарсыластарын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

«Сарыарқа» - «СКА-Нева» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)

Голдар: Зиазов Айрат 9 минут (1:0), Ломако Олег 26 минут (2:0), Щербина Александр 28 минут (2:1), Григоренко Евгений 32 минут (2:2), Кицын Максим 47 минут (3:2), Махановский Павел 54 минут (4:2)

Ойын статистикасы:

Соққылар: 34-48

Дәл соққылар: 25-35

«Сарыарқа»: Бояркин Никита, Рейзвих Эдуард, Сиксна Эдгарс, Метальников Леонид, Ибатуллин Руслан, Лютов Дмитрий, Горбачёв Антон, Кропачёв Виталий, Лыпкань Марк, Соколов Константин, Кицын Максим, Бутузов Станислав, Ремов Александр, Железнов Михаил, Зиазов Айрат, Желнеровский Дмитрий, Сарваров Артур, Борисевич Александр, Зеленков Вадим, Махановский Павел, Ломако Олег.

«СКА-Нева»: Мельничук Алексей, Богданов Никита, Кныжов Николай, Валенцов Владислав, Семыкин Дмитрий, Сёмин Владислав, Юксеев Александр, Глухов Николай, Солянников Георгий, Тихонов Михаил, Полодян Алексей, Гребенщиков Святослав, Николаев Артём, Ларичев Иван, Орлович-Грудков Денис, Володин Иван, Григоренко Евгений,  Цицюра Владислав, Кукштель Павел, Конозов Альберт, Щербина Александр, Петьков Кирилл

«Қарағанды Арена» 5900 көрермен

Осылайша, бапкер Леонид Тамбиев екінші мәрте қатарынан өз командасын финалға шығарып отыр. Өткен жылы ол «Динамомен» жеңімпаз атанған еді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру