Велоспорт 03 Сәуір, 2019 (0) (163)

Вадим Кравченко Таиландтағы рейтингілік турнирге қатысатын велоспортшылар тізімін жариялады

6-11 сәуір аралығында велоспорттан Таиландтың Чанг Май қаласында әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтеді.


Аталған рейтингілік турнирге Қазақстан командасы да қатысады. Атап айтар болсақ, Таиландтағы турнирде Амилия Искакова, Наталья Сайфутдинова, Светлана Пащенко, Рината Султанова және Анжела Соловьевалар бақ сынайды. 

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Кравченко құрлықтағы турнирге тыңғылықты дайындық жүргізгенін айтады. 

«Бұл маусымның шымылдығын ашатын турнирлердің бірі Таиландта өткелі отыр. Аталған жарысқа Еуропа жерінде дайындалдық. Әлемдік велоспорттың мықтылары бас қосқан жиында шеберлігімізді шыңдадық. Азия құрлығында бізге айтарлықтай қарсылас жоқ. Сол себепті, Таиланд жерінде жүлделі орын мен бағалы ұпайдан үміттіміз. Биылдан бастап Олимпиадаға іріктеу турнирлері басталады. Яғни, барлық жарыста ұпай таратылады. Чанг Май қаласындағы турнир 2.1 санатына жатады, демек, жақсы ұпайға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Биылғы маусымның соңғы жарысы 21 қазан күні Қытайда өтеді. Сол аралықтағы додаларда барымызды салып, жоғары ұпай жинауға тырысамыз», - дейді Кравченко.

 

Дереккөз: Olympic.kz.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру