Бокс 03 Сәуір, 2019 (0) (101)

Ғалымбек Кенжебаев Азия чемпионатына қатысатын боксшылар есімін атады

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жария етті. Таиландтың Бангкок қаласында өтетін құрлық додасына Қазақстан толық құраммен қатысады.


Бангкок шаршы алаңында төмендегі спортшылар жүлдеге таласады:

49 келі - Теміртас Жүсіпов

52 келі - Әнуар Мұзапаров

56 келі - Қайрат Ерәлиев

60 келі - Зәкір Сафиуллин

64 келі - Санатәлі Толтаев

69 келі - Асланбек Шымбергенов

75 келі - Тұрсынбай Құлахмет

81 келі - Бек Нұрмағанбет

91 келі - Василий Левит

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев

«Азия чемпионаты қарсаңында боксшылардың барлығына үлкен міндет қойып отырмыз. Барлық салмақта да жүлдеге таласатын боламыз. Турнир алдында Алматыда қысқамерзімді оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бәрі сәтімен өтіп жатса, құрлық додасынан жүлдесіз қалмаймыз деген ойдамын. Азиядағы бокстың қарқыны жоғары екенін білесіздер. Бізге Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Филиппин спортшылары басты қарсылас атанбақ. Сары құрлық сынында әлем чемпионатына жолдама жеңіп алуға тырысамыз», - дейді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру