Футбол 30 Наурыз, 2019 (0) (204)

Месси: Роналдуды сағынып жүрмін

Сондай-ақ Месси дәл қазіргі уақыттағы үздік ойыншыларды атады


Криштиану Роналдудың "Реалдан" "Ювентусқа" ауысқанына "Барселона" шабуылшысы аса қатты қуана қоймаған.

"Мен Криштианумен болатын бәсекені сағынып жүрмін", – деген Мессидің сөзін Goal со келтіреді.

"Роналдудың Испанияда қол жеткізген жетістігіне куә болу оңайға соққан жоқ. Дегенмен ол Ла Лиганың мәртебесін көтеретін еді. Ал дәл қазіргі шақтағы үздік ойыншылар ретінде Неймар, Мбаппе, Азар, Луис Суарес және Агуэроны атайтын едім ", - деп қосты Месси.

Роналду Мадридте өткізген тоғыз жылдан соң Туриннің "Ювентусына" ауысқан.

Роналду мен Месси биылғы маусымда Чемпиондар лигасының финалында ғана жолыға алады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру