Бокс 30 Наурыз, 2019 (0) (208)

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі

Бұл қазақстандықтың DAZN компаниясымен келісімінен кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 KO) келесі кездесуін сегізінші маусымда өткізеді, деп хабарлайды WorldBoxingNews.net.

Отандасымыздың қарсыласы американдық Брэндон Адамс (21-2, 13 KO) болады деп күтілуде.

Әзірге бұл кездесудің өтетін орны белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Геннадий Головкин соңғы кездесуін мексикалық Сауль Алвареске қарсы өткізіп төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан.

Автор: Жұмаділ Сарқытбай


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру