Күрес 28 Наурыз, 2019 (0) (119)

Шымкентте дзюдодан халықаралық жаттығу лагері аяқталды

Халықаралық жаттығу лагеріне Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстаннан спортшылар қатысты

19-27 наурыз аралығында Шымкентте дзюдодан халықаралық жаттығу лагері аяқталды деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясының ресми сайты. 

Халықаралық жаттығу лагеріне Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстаннан жалпы есебі жүзге жуық спортшы қатысты.

Аталған жиынның басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасып, халықаралық әріптестікті дамыту.

«Жаттығу лагері Шымкенттегі «БИІК» спорттық базасында өтті. Бірлескен оқу-жаттығу жиынының спортшыларға берер пайдасы көп. Татамидегі қарсыластарымен бір залда жаттығып, тәжірибе алмасады. Мұндай жаттығу жиындары жиірек өткізіп тұрған дұрыс», - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру