Бокс 28 Наурыз, 2019 (0) (117)

Головкин келесі кездесуінің өтетін орнын таңдауда

Головкиннің қарсыласы әлі белгісіз.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин келесі кездесуінің өтетін орнын таңдауда, деп хабарлайды шетелдік басылымдар. 

Шаршы алаңға маусымда оралуды жоспарлап отырған жерлесіміз Американың бірнеше қаласының арасынан өзінің келесі кездесуіне лайық арена қарастыруда. 

Атап айтқанда Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас қалаларының бірінде Головкиннің келесі кездесуі өтуі мүмкін. 
ExpressNews.com мәліметіне сенсек қазақстандық боксшы басымдықты Сан-Антониодағы Alamodome аренасына беріп отырғанға ұқсайды. 
Алдағы болатын кездесудегі қазақстандықтың қарсыласы әлі белгілі болған жоқ. 

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп барлық чемпиондық белбеулерінен айрылған. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру