Бокс 28 Наурыз, 2019 (0) (196)

Батыр Жүкембаевтың ринге оралатын уақыты белгілі

Жерлесіміз мамырда шаршы алаңға шығуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі кездесуінің мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды Alaman.kz


Жерлесіміз өзінің кәсіпқой бокстағы он алтыншы жекпе-жегін 17 мамырда Канадада өткізбек. Әзірге Жүкембаевтың қарсыласы белгісіз.

Канаданың Монреал қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Арсланбек Махмудов (7-0, 7 КО) пен американдық Джонатан Райс (10-3-1, 6 КО) WBC International тұжырымы бойынша чемпиондыққа таласады.

 

Естеріңізге салсақ, Батыр Жүкембаев бүгінге дейін кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы айқасын 16 наурызда өткізіп мексикалық Хильберто Месоны төрешілердің шешімімен ұтқан.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру