Бокс 27 Наурыз, 2019 (0) (121)

Геннадий Головкин: Бәрі басқаша болады

Бұл жолы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтамақ.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен болуы мүмкін үшінші кездесу туралы айтты. 

- Қазіргі уақытта мен екінші кездесуді басқалай әрекет жасайтын едім деп айтпаймын. Егерде екеуіміздің арамызда үшінші кездесу болса бәрі басқаша болады. Бұл жекпе-жек алдыңғыларына қарағанды қызық болмақ. Оған себеп те жоқ емес. Біз шынымен де бір-біріміздің осал тұстарымыз бен артықшылығымызды жақсы меңгердік. Кездесуді мерзімінен бұрын аяқтау үшін тактикамызды да өзгертетін боламыз. Альварес екеуміз дұшпан емеспіз. Бар болғаны біз екеуміз де спортшымыз, - деді Головкин. 

Естеріңізге салсақ, Головкин мен Альварес арасында өткен алғашқы кездесуде төрешілер тең нәтижені тіркеген, ал екінші жекпе-жекте тағы сол төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жеткен. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру