Футбол 25 Наурыз, 2019 (0) (172)

Михал Билек: Ресей футболшылары ойында басымдық танытты

Көтеріп тұрып құлатады өмір...

Қазақстан құрамасының бас бапкер Михал Билек матчтан кейін баспасөз мәслихатына қатысып журналистер сұрағына жауап берді.

- Қарсылас бүгін жеңіске лайық болды. Ресей футболшылары ойында басымдық танытты. Біздің жіберген қателіктерден гол соқты. Бүгін олардың ойыны жүрді.

- Есеп 3:0 болғанда шабуылшының орнына шабуылшыны шығардыңыз. Қорғаушыны ауыстыруға да болатын еді. Неліктен?

- Шотландиямен ойындағыдай екі шабуылшымен ойнадық. Қапталдағы ойыншылардың шабуылға араласып, шабуылды жалғастырғанын қаладық. Бүгін жолымыз болмады.

- Орталық алаңда мәселе көп болды. Тәжірибелі ойыншыларға неге таңдау түспеді?

- Жуковтың да, Перцухтің де мүмкіндігін жақсы білеміз. Орталық қорғаушылардың көбі ойнамады. Жуковтың ертерек шыққанын қаладық. Алайда, төртінші голдан кейін ойынды өзгерту қиын болды.

- Шотландия және Ресеймен ойын екі түрлі болды. Қарсыластардың деңгейінде айырмашылық бар ма?

- Көптеген футболшылар өз клубтарында ойнамайды. Қатеден сабақ шығарып, сараптау қажет. Екі ойынның арасында үш күн үзіліс болды. Біздің футболшылардың өз клубтарында тұрақты ойнағанын қалаймын. Көбінің денсаулығы сыр берді.

- Алексей Щеткин мен Темірлан Ерлановтың жағдай қалай?

- Алексей оқу-жаттығу жиынына жақсы дайындықпен келді. Шотландиямен ойынның алдында жарақат алды. Кеше қайта жаттыға бастады. Бүгін арқасы ауырды. Темірлан ойнағысы келді. Алайда, оның денсаулығын сақтағанды жөн деп шештік.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екінші ойынды Ресей құрамасына қарсы өткізіп ірі есеппен жеңіліс тапқан. Ал алғашқы турда Шотландия құрамасын жеңген болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру