Бокс 25 Наурыз, 2019 (0) (95)

Мейірім Нұрсұлтанов кезекті жеңісіне қол жеткізді

Луис Эрнандес биылғы жыл қос жерлесімізбен кездесіп жеңіліс тауып отыр.
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы он бірінші кездесуін өткізіп жеңіске жетті, деп хабарлайды Alaman.kz

Hollywood Fight Nights шоуы аясында Голливудте өткен бокс кешінде Мейірім Пуэрто-Рико елінің намысын қорғайтын 32 жасар Луис Эрнандеспен кездесіп жеңіске жетті. Төрешілердің шешімі 79-72.

Мейірім Нұрсұлтанов бүгінге дейін өткізген барлық кездесуінде жеңіске жетіп келеді. 

Мейірімнің бүгінгі қарсыласы Луис Эрнандес бұған дейін тағы бір жерлесіміз Мадияр Әшкеевтен жеңілген. 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру